Ақтаудағы Rixos қонақүйіне 76 млн теңге айыппұл салынды

2912

Каспий теңізі мен Қаракөлге сарқынды су ағызғаны үшін Rixos қонақүйіне 76 млн 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ақтаудағы Rixos қонақүйіне 76 млн теңге айыппұл салынды Фото: canva.com

Экологиялық заң талаптарын бұзған серіктестікке 6 әкімшілік іс қозғалған. Жоспардан тыс жүргізілген тексерулер қос құбыр суының құрамында нитрат пен хлордың шамадан артық мөлшерде екенін көрсеткен. Хауыздар және кәріздік тазарту қондырғылардан шыққан судың қоршаған ортаға төгіліп келгені анықталды. Қазіргі уақытта құбырлар ажыратылды. 

"Теңізге бағыттағы құбырдан су тазалау қондырғысынан шығатын ащу суды төккен және хауыздардан жинақталған суды төккен. Заңбұзушылықты жою жөнінде нақты нұсқама берілді. Қазіргі таңда аталған компаниямен бұл бағытта тиісті іс-шара жасақталды", - деді өңірлік экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов.

Тәуелсіз сарапшылар көрсеткен ақаулықтар жойылғанша жағдай уәкілетті органның бақылауында болады деп хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу