Ақтаудағы тұрғын үй кешенінен жасырын казино анықталды

387

Ақтаудағы тұрғын үй кешенінен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы екі диллер ұсталды.  

Ақтаудағы тұрғын үй кешенінен жасырын казино анықталды Фото: Видеодан скриншот

Тінту кезінде мекен-жайдан бір ойын үстелі, покер ойнауға арналған 154 дана чип, покер ойындарына арналған 16 қорап карта және "марихуана" есірткі затын қолдануға арналған 2 қолдан жасалған баклашка тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Сонымен қатар, 374 500 теңге, 200 доллар және 50 еуро көлемінде қаражат және "марихуана" есірткі затының құрамы бар бір орам тәркіленіп алынды.

Тұтқындау барысында бөлмеде покер ойнаған қызметкер мен келушілер болған.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 307-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу