Ақтаудағы ұшақ апаты бойынша тергеудің қорытындысы қашан жарияланады?

304

Күрделі сараптамалар тағайындалған.

Ақтаудағы ұшақ апаты бойынша тергеудің қорытындысы қашан жарияланады? Фото: ТЖМ

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Ақтауда апатқа ұшыраған AZAL компаниясының ұшағына қатысты халықаралық тергеу қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеу әлі жалғасып жатқаны белгілі болды. Көлік вице-министрі арнайы комиссия алғашқы алдын ала қорытындыны үш айдан кейін толық көлемде ұсынғанын еске салды.

"Қазір жіті тексеру жүргізіліп жатыр, күрделі сараптамалар тағайындалған. Тексеру аяқталған соң есеп БАҚ беттерінде жарияланады. Қазір нақты мерзімін айта алмаймыз. Бұл – өте маңызды мәселе. Бірақ жыл соңына дейін қорытындыны ұсынамыз", – деді Мақсат Қалиақпаров тілшілердің сауалына берген жауабында.

Айта кету керек, өткен жылдың 25 желтоқсан күні Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырағанын жазған едік. Ақтаудағы ұшақ апатына не себеп болғаны жыл соңына дейін анықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу