Ақтауға аққулар ұшып келді

362

Аққулар жылдағыдай Қаракөлді емес, қала маңын шиырлап жүр.  

Ақтауға аққулар ұшып келді Фото: proaktau.com

Бұл теңіз жағасындағы қаланың сәніне сән қосып, көпішіліктің көзайымына айналды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Жыл сайын Ақтаудың іргесіндегі жасанды суқойма Қаракөлге ұшып келетін аққулар, биыл "Солдат" жағажайында жүр. Шаһардың "Жартасты соқпақ" мүйісі мен Ақтау теңіз порты аралығындағы қашықтық шамамен 4 шақырымдай.

Ақпан басталғалы бері Ақтауда қар аралас жаңбыр толастаған жоқ. Ызғырық желге қарамастан тұрғындар аққуларды көру үшін жағалауға келеді.

Мамандардың айтуынша, аққулар Маңғыстау өңіріне жақын арада ұшып келген болуы ықтимал. Сол себепті олар жылдағыдай жасанды көлге қоныстанбай, түбі тайыз әрі суы жылы қала жағажайында уақытша аялдаған.

Сарапшылардың пікірінше, бұл аумақ құстардың қоректенуіне қолайлы орта болып саналады.

Табиғат инспекторлары теңіз жағалауынан мыңға тарта аққуды санапты. Айтуларынша, биыл өңірде қыс жылы болса олар Қаракөлге аялдайды. Аяз күшейсе климаты жылы Иран, Түркіменстанға қарай ұшып кетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу