Ақтаулық 500 оқушы мерекеге орай аналарға ән жолдады

375

Шараны Ақтау қалалық білім бөлімі "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында ұйымдастырды.  

Ақтаулық 500 оқушы мерекеге орай аналарға ән жолдады Фото: А. Садатқызы

Ақтаулық 500 оқушыдан құралған хор 8 наурыз - халықаралық әйелдер күніне орай барша аналарды ән арқылы құттықтады.

Хорға 4-5 сынып оқушылары қатысты. Олар "Анашым" әнін орындады.

"Бұл хор алғаш рет өнерін көрсетті. Оған №8, 14, 15, 23 жалпы білім беретін мектептің 500 оқушысы қатысты. Барша ардақты әжелерімізді, ақ жаулықты аналарымызды және аруларды мерекемен құттықтаймын", - деді Ақтау қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушыТоты Құлметенова.                                                                                                                                                          

"Маған ән айтқан қатты ұнады. Сол сәтте анашымды, біз үшін етіп жүрген еңбегін ойлап елжіреп кеттім. Әлемде баласына ең жақын адам-ана. Барлық аналар ұзақ жасасын, ауырмасын, балаларының ортасында бақытты болсын", - деп ойын білдірді М. Әуезов атындағы мектептің оқушысы Дін-Мұхаммед Өтесбай.                                                                                                               

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу