Ақтаулық кәсіпкер ерекше балық кәсібін дөңгелетіп отыр

521

Кәсіпкер Евгений Меньшенин африкалық кларий сом балығын өсіруді жылына 70 тоннаға дейін ұлғайтуға ниетті.

Ақтаулық кәсіпкер ерекше балық кәсібін дөңгелетіп отыр    Фото: фото кәсіпкерден

2023 жылы 27 тонна балық сатып, сауданың көзін тапқан ол тың жолмен бизнесін өркендетпек. Балықтың басқа түрін - тилапияны өсіруді де жоспарлап отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Ақтауда африкалық сомды өсіретін кәсіпорын алты жылдан бері жұмыс істеп келеді.  Кәсіпкер балыққа тапсырыстар негізінен қаланың супермаркеттерінен түсетінін атап өтті. Сондай-ақ, Орал, Ақсай және Атырау қалаларынан тұтынушылар да бар. Евгений Меньшениннің айтуынша, балық өсіру процесі жабық сумен жабдықтау жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

"Мен бұл істі әкеммен бірге бастадым. Алғашқы екі жыл кәсіпті игеруге кетті. Біз балықты қалай тиімді өсіру және оған қажетті күтімді қалай қамтамасыз ету керектігі туралы сұрақтарға жауап іздедік. Бизнестегі жетістік үшінші жыл дегенде көріне бастады. Жалпы, балық өсіру пайдалы бизнес болып табылады. Кларий балығы судың сапасына байланысты тез өседі. Өсіру процесі жабық сумен жабдықтау жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Балық температурасы +26+30 градустағы жылы суда өседі. Оларды Польшадан арнайы әкелінген "Алер-Аква" тағамымен тамақтандырамыз. Бұл тағамда жануарлар ақуызы бар, ГМО және өсу гормондары жоқ. Жыл сайын шамамен 27 тонна балық өндіреміз. Ағымдағы жылы өндіріс көлемін 65-70 тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда. Сонымен қатар, биылдан бастап тилапия балықтарын өсіруді жоспарлап отырмыз", - деді Евгений Меньшенин.                                                                                                                                           

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу