Ақтаулық кәсіпкерге министрлік 21 млн теңге қарыз

458

Ақтауда колледж студенттерін мемлекеттік тапсырыс аясында жатақханамен қамтамасыз еткен кәсіпкер қарызға батып отыр. 

Ақтаулық кәсіпкерге министрлік 21 млн теңге қарыз Фото: inbusiness.kz

Өйткені оқу-ағарту министрлігіне қарасты қаржы орталығы 7 айдан бері тиісті қаражатты төлемеген. Салдарынан кәсіпкер жатақхана шығындарын өтемеген. Жатақхана жабылса, 70-ке жуық студент далада қалмақ.

180 орындық ғимарат 3 жыл бұрын ашылған. Студенттер ай сайын 12 мың теңге төлейді. Дәл сондай қаражатты министрлік те бөлуі тиіс болғанымен қаржы орталығы ақшаны кешіктіріп келеді. 5 айдың қаражаты жазда жіберілген. Ал содан бергі қарыз 21 млн теңгеден асады.

"Жыл басында порталға салынуы тиіс келісімшартқа мамырда қол қойдық. Ол болмаса, ақша да төленбейді. Өздері техникалық ақау жасайды, құжатты ұзақ қарастырады. Бұл- нағыз бюрократия",- дейді кәсіпкер Баян Мейірбекова.   

Қалған келісімшартқа қыркүйекте қол қойылды. Жыл аяқталуға таяу. Ал кәсіпкер бюджет қаржысы игерілмей қала ма деп алаңдаулы.

"Осында тұрған ыңғайлы. Өйткені басында біз пәтер жалдап тұрғанбыз. Ол қымбат екен. Мына жатақханадан шығарып жіберсе, ата-анама салмақ түседі. Бюджет саласында жұмыс істейтін олар қайта пәтер жалдай алмайды",- дейді студент Жансая Сатыбалдиева.

Ал, оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мәселенің туындауына ведомствоның қайта құрылуы себеп болған.  29 желтоқсанға дейін шарт тіркеліп, барлық қарыз төленетін болады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу