Ақтаулық қыз-келіншектер автобуспен 1 күн тегін жүреді

588

8 наурыз - халықаралық әйелдер күніне орай қыз-келіншектер, аналар, әжелер қалалық қоғамдық көліктерде жол ақысын төлемейді.  

Ақтаулық қыз-келіншектер автобуспен 1 күн тегін жүреді Фото: gov.kz

Яғни, оларға жол жүру тегін болады, - деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәлімдеуінше, №1, 2, 3, 4, 4М, 5, 6, 7, 8, 9 маршрут автобустары қыз-келіншектерге тегін қызмет көрсетеді.

Қоғамдық көлік тұрақты кестеге сәйкес сағат 6:40-тан 21:00-ге дейін жүреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу