Ақтаулық спортшы Гиннестің рекордтар кітабына енді

547

Ильдар Ягьяев 19 қыркүйекте рекордшылар тізімін толықтырғаны жөніндегі сертификатты алды.

Ақтаулық спортшы Гиннестің рекордтар кітабына енді

Маңғыстау облысы стрит-воркаут және стритлифтинг федерациясының президенті, 7 дүркін әлем чемпионы Ильдар Ягьяев жаңа әлемдік рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп жазады inbusiness.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.

Спортшы беліне қосымша 40 фунт жүк байлап, 10 рет тартылды.

Ильдар Ягъяевтың айтуынша, нәтижені тіркеуге арналған өтінішті осыдан жеті ай бұрын жіберген.

"Өтінімді қарау кейде жарты жылға созылады. Мен өзімнің нәтижем туралы бейнеүзіндіні Гиннестің рекордтар сайтына жібердім. Нәтижені бекітуге үш ай қажет болды. Кейін менің рекордым тіркелді. Рекордшылар тізімін толықтырғаным жөніндегі сертификат Лондоннан келді. Ол бір айға жуық уақыт алды. Осылайша оны кеше 19 қыркүйекте алдым", – деді спортшы.

Спортшы жастардың ғана емес, шенеуніктердің де назарын стрит-воркаут және стритлифтингке аударғысы келетінін айтты.

"Стрит-воркаут пен стрит лифтингтің Қазақстанда ресми түрде спорт түрі деп танылғанын қалаймын", – деді Ильдар Ягъяев.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу