Ақтаулық сүңгуір Каспий теңізінің түбін бір шақырымнан астам аумақта қоқыстан тазартты

239

Тазалық жұмыстары үнемі жүргізілгенімен, көп жағдайда әлеуметтік желіде жария етілмейді. 

Ақтаулық сүңгуір Каспий теңізінің түбін бір шақырымнан астам аумақта қоқыстан тазартты Фото: diving-aktau.kz

Ақтаулық сүңгуір Қанат Абдиев Каспий теңізінің астындағы 1 270 метр аумақты қоқыстан тазартты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұл жолы ол 8-10 метр тереңдікте жатып қалған қалдықтарды шығарған. Нәтижесінде, бір қап қоқыс жиналған.

– Ақтауда сүңгуірлердің арнайы чаты бар. Тазалықпен жалғыз мен емес, өзге де сүңгуірлер айналысады. Су астында көбіне тамақ қалдықтары, пластик бөтелкелер мен полиэтилен пакеттер жатады. Барша тұрғынды теңізді ластамауға және табиғатты аялауға шақырамын, – деді Қанат Абдиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу