Ақтаулық тұрғын Гибралтар бұғазын жүзіп өтті

638

Ақтау қаласының тұрғыны Құрал Жоламан 16,7 шақырымдық Гибралтар бұғазын 5 сағат 58 минутта жүзіп өтті деп хабарлайды inbusinеss.kz тілшісі.

Ақтаулық тұрғын Гибралтар бұғазын жүзіп өтті

Осылайша Құрал 740 адамның ішінде алғаш рет жеңіске жеткен қазақстандық атанды.Ол кросс-жүзуге қатысып, Испаниядан Мароккоға дейін 16,7 шақырым жүзіп өтті. Мароккода Африка жағалауларына бағыт алып, Еуропаның оңтүстік нүктесінен – Тариф аралына бет түзеген.

Құрал осыған дейін Ыстамбұлда кросс-континентальды жүзуге қатысқан. Босфор бұғазының Азия бөлігінен Еуропаға жүзіп, 6,5 шақырымды артқа тастапты. Гибралтар бұғазындағы жарысқа қатысу үшін Каспий теңізіне түсіп, дайындалғанын айтады. Себебі, Гибралтарды суда киетін арнайы киімсіз жүзіп өту қиын. Қатты жел, биік толқындар, мұздай суға шыдау керек.

Жерлесіміздің ендігі арманы - әлемдік мұхиттарды жүзіп өту.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу