Ақтаулық үлескерлер 4 жылдан бері пәтерлеріне қол жеткізе алмай жүр

432

Ақтау қаласының орталығында орналасқан "Лепес" тұрғын үй кешені 2019 жылы қолданысқа берілуі тиіс еді.  

Ақтаулық үлескерлер 4 жылдан бері пәтерлеріне қол жеткізе алмай жүр Фото: inbusiness.kz

Кейбірі жалғыз баспаналарын сатып, 4 жыл бойы пәтер жалдап жүр. Үлескерлер компания басшыларының уәдесінен әбден шаршаған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Үлескерлер 2016 жылы құрылыс компаниясымен келісімшартқа отырып, әрқайсысы 10 млн теңгеден астам қаражат төлеп қойған. Компания өкілдері құрылысты 2019 жылдың соңында аяқтауға уәде берсе де, жыл сайын түрлі себеп тауып құрылысты сағызша созып келеді. Биыл да баспанасыз қалған халық құрылыс компаниясына ашулы.

"Пандемияның кезінде "Жұмысшы жоқ, 2021 жылы аяқтап береміз" деп алдады. 2022 жыл аяқталайын деп тұр біз әлі үйіміздің кілтін алмадық. Мұнда мүлдем құрылыс жүріп жатқан жоқ, тұралап қалған. Бұл үйге құрылысы енді басталғанда қомақты сома бердік. Енді ақша да жоқ, үй де жоқ",- деп наразылықтарын білдірді тұрғындар.

Құрылыс қарқын алмаса баспананы тағы 5 жыл күтеміз ба деп алаңдаған халық компания өкілдерінен үйдің кілтін нақты қай уақытта беретіндерін сұрады.

"Құрылысты келер жылы аяқтаймыз деп отырмыз. Бізде біраз мәселе болды. Бірақ бұл мәселелерді шешу үшін инвесторларды тартып жатырмыз. Бір-екі апта шамасында қаражат түседі. Келесі жылдың жазына дейін құрылысты аяқтап, қолданысқа береміз", - деді "Лепес" ЖШС атқарушы директоры Ербол Орынбаев.

Үлескерлердің бұл жолы да сенгісі жоқ. Күтуден басқа шара қалмағанын түсінген олар тағы да жарты жыл жалдамалы баспананы жағалай тұрмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу