Ақтаулық үлескерлер Президентке үндеу жолдады

625

Ақтау қаласының 17 шағын ауданынан бой көтерген Alem Towers тұрғын үй кешені заңсыз деп танылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Ақтаулық үлескерлер Президентке үндеу жолдады Фото: inbusiness.kz

Сот шешімімен үй бұзылмақ. 12 қабатты, 2 блоктан тұратын тұрғын үй кешеніне тұрғындар 2 жыл бұрын қаражаттарын құйған. Оның ішінде 63 пәтердің иесі 100% төлем жасағаны белгілі. Сот шешімімен келіспеген көпшілік күндіз-түні құрылыс маңын қарауылдап, наразылықтарын білдіріп тұр. 

"2020 жылы әлі құрылыс басталмаған кезде әр шаршы метріне 150 мың теңгеден салдық. Кейін ғимарат салынып бастағанда бағасы біршама көтерілді. Отырған үйімізді саттық. Қазір бала-шағамызбен пәтер жалдап жүрміз. Соңғы жағдайларға байланысты жалдау да қымбаттап кетті. Осы баспанамызды алсақ, қиындық артта қалады деген үмітіміз болған. Ортамызда жалғыз басты аналар, көп балалы отбасылар бар. Заңсыз екені рас болса 2 жылдан бері құзырлы органдар қайда қарады? Үйдің кілтін желтоқсанда береміз дегенде қуанып едік. "Енді қиратамыз" - дейді. Жалғыз үмітіміз – Президентте. Қарапайым халық араша сұрайды", - дейді шарасыз тұрғындар. 

Үлескерлер үш күнен бері күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалды. Ақша да жоқ, баспанасыз далада қаламыз ба деген қауіп тыным берер емес. Ал мердігерлер болса: "Құрылысқа рұқсат берілсе жалғастыруға дайынбыз" - деп құтылды. Енді тұрғындар жоғары сатылы сотқа аппелияциялық талап-арызбен жүгінбек. Олар да шешімді өзгеріссіз қалдырса, наразылық шарасы тоқтамайтынын алға тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу