Ақтаулықтар жаңа үйдің сапасына наразылық білдірді

444

Ақтау қаласының 19"А" шағынауданында салынғанына 2 жыл болған "Комфорт" тұрғын үй кешені тұрғындары баспанасының сапасы сын көтермейтінін айтады.  

Ақтаулықтар жаңа үйдің сапасына наразылық білдірді Фото: inbusiness.kz

Үйдің сыртқы қаптамасы ашылып, іргетасы отырып, асфальт төселген жері ойылып кеткен. Соның кесірінен баспалдақ құлайын деп тұр. Жеті қабатты тұрғын үйдің төбесі де дұрыс жабылмаған. Қатты желдің салдарынан шатырлары ұшып, жаңбыр жауғанда пәтерлердің төбесінен су кетеді. Тұрғын үйде ыстық су мен жылу жүйесі де дұрыс жұмыс істемей тұр.

“Үйдің іргесі ойылып кеткен. Соған су кетеді. Үй құлап кетеді ма деп қорқамын. Бізге жақында газ қосты. Төртінші подъездің қапталында газ құбыры тұрған жер де құлайын деп тұр. Үйдің сыртына жабыстырған плиталар да құлап жатыр. Үйді салған мердігер мекеме өкілдері тіпті хабарымызды алмайды. Үйді тапсырғаннан кейін хабарсыз кетті. Келісімшарт бойынша 2-3 жылға дейін үйді жөндеу жұмыстарын құрылыс компаниясы жасау керек”,-дейді ТҮК тұрғыны Болған Жұмалабаева.

Тұрғындар қала әкімдігі арнайы комиссия құрып, үйдің сапасын тексеруге атсалысса дейді. 102 пәтерлік кешенге 80% аса қоныстанып үлгерген. Үйді "Комфорт Актау" тұрғын үй-құрылыс кооперативі салған. Компания басшысы тұрғын үйді тапсырғанына екі жылдан аса уақыт өткенін айтып, ендігі кем-кетікті үйді күтіп ұстайтын пәтер иелерінің кооперативі жасау керек деп отыр.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу