Ақтаулық қыз көлікте заң бұзуын қояр емес

726

Оның үстінен қылмыстық іс қозғалған.  

Ақтаулық қыз көлікте заң бұзуын қояр емес

Ақтауда мас күйінде көлік айдауын тоқтатпаған бойжеткен бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бірнеше мәрте қолға түскен 24 жастағы қыздың үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Белгілі болғандай, ол бірінші рет ішімдік ішкен күйінде ұсталған. Арада бір ай өткеннен кейін тағы да масаң, оның үстіне жүргізуші куәлігінсіз жүрген күйінде құрықталады. Бұған дейін ол көлік жүргізу құқығынан үш жылға айырылған екен. Алайда, соған қарамастан тағы да заң бұзған.

Қазіргі күні азаматшаның үстінен қылмыстық іс қозғалыпты. Наркологиялық сараптама оның рульге ішімдік ішіп отырғанын анықтаған.

"Ол 5 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі, 1200 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылуы немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Әзірге сот шешімі шыққан жоқ", - деп хабарлайды қалалық патрульдық полиция штабының бастығы Бақыт Хайруллин.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу