Актер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты

377

Ол жаза мерзімін толық өтеді.  

Актер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты Фото: бейнежазбадан

Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша сотталған актер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Вайнер әлеуметтік желідегі парақшасында түрмеден шыққан кезде түсірілген видеоны жариялады.

"Аллаға шүкір", – деп қысқа қайырды Мейірхан Шерниязов.

2023 жылы вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 5 жылға сотталғанын жазған едік. Олар Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Вайнерлер Mudarabah Capital қаржы пирамидасын жарнамалаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу