Активтер көлемі бойынша қай банктерде оң динамика сақталып отыр?

523

Биылғы 1 ақпанға қарай елдегі екінші деңгейлі банктердің активтері 44 трлн теңгені құрады. 

Активтер көлемі бойынша қай банктерде оң динамика сақталып отыр? Фото: google

Бұл жыл басындағы көрсеткіштерге қарағанда 540,5 млрд теңгеге аз, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Ресурстың жазуынша, қаңтар айында активтер көлемінің азаюы 21 қаржы институтының 13-інде байқалды. Оның ішінде үздік ондыққа кіретін 6 банк бар.

Қаңтар айында активтер көлемінің өсімі бойынша көш басында Kaspi болды: +103,3 млрд теңге. Бүгінгі таңда бұл қаржы институтындағы активтер көлемі 5,2 трлн теңгеге жетті. Банк бұл көрсеткіш бойынша елдегі екінші деңгейлі банктердің үздік үштігіне кіреді. Сонымен қатар көрсеткіштің жылдық өсімі бойынша көшбасшының бірі (2022 жылғы 1 ақпанға қарай +1,7 трлн теңге).

Көрсеткіштің айлық өсімі бойынша екінші орында ForteBank тұр: +60 млрд теңге, 3 трлн теңгеге дейін. Бір жыл ішінде қаржы ұйымының активтері 555,5 млрд теңгеге артты. ForteBank елдегі екінші деңгейлі банктердің активтер көлемі бойынша үздік ондыққа кіреді.

Үшінші орын Қытайдың сауда-өнеркәсіп банкіне тиесілі: +36,8 млрд теңге, 327,2 млрд теңгеге дейін. Бір жыл ішінде қаржы институтының активтерінің өсімі 69,8 млрд теңгені құрады. Банк республикамызда активтер көлемі бойынша ең ірі банктің қатарына кірмейді.

Биылғы қыста Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк секторы активтерінің сапасын алғашқы тұрақты бағалау (AQR) нәтижесін ұсынды.

Өткен жылы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 10 ірі банкке AQR өткізді. Аталмыш қаржы институттарының активтері банк жүйесі активтерінің 71%-ын құрайды. 15,2 трлн теңгеге 19 млн қарыз талданды, оның ішінде 1,4 мыңнан астам ірі қарыз алушы бар.

AQR нәтижелері банк жүйесі бойынша капиталдың жеткіліктілігі белгіленген ең төменгі деңгейден асып түсетінін көрсеткен. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сектордағы жағдайды оң бағалаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу