Активтерді қайтару жөніндегі комиссия 630 млрд теңгеден астам қаржыны бюджетке қайтарды

524

Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов Тwitter желісіндегі парақшасына жазды.

Активтерді қайтару жөніндегі комиссия 630 млрд теңгеден астам қаржыны бюджетке қайтарды Фото: mail.kz

Активтерді қайтару жөніндегі комиссия мемлекетке 630 миллиард теңгеден астам қаржы мен мүлікті қайтарды, деп хабарлайды inbusiness.kz .

Жазбадағы деректерге қарағанда, кеден саласындағы прокурорлардың актілері бойынша мемлекет бюджеті 57 млрд теңгемен толыққан. Сонымен қатар 5 млрд теңгеге 140 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. 

"Сондай-ақ 13,5 млрд теңгеге мемлекет мүлкін қайтару туралы сотқа талап-арыздар жіберілді. 

Жоғарғы сот 16 наразылықты қанағаттандырды. Ондағы мәліметтерге сүйеніп, қазынаға тағы 23 миллиард теңге түседі деген болжамымыз бар", деді Б.Асылов.

Сондай-ақ, Берік Асылов бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатқанын да атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу