Ақтөбе әкімдігіндегі өрттің алдын ала себебі белгілі болды

187

Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген.  

Ақтөбе әкімдігіндегі өрттің алдын ала себебі белгілі болды Фото: ҚР ТЖМ

Ақтөбе облыстық Төтенше жағдай департаменті әкімдіктегі өртке қатысты ресми ақпарат берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

7 сәуір күні сағат 20:21-де Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт байланысы пунктінің орталығы пультіне Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Әбілқайыр хан даңғылы, №40 мекенжайында орналасқан облыс әкімдігі ғимаратында түтін байқалғаны туралы хабарлама түсті. Сағат 20:22-де өрт сөндірудің жоғарылатылған шақыру дәрежесі жарияланды. Сағат 20:26-да Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері келген кезде ғимарат шатыры ашық жалынмен жанып тұрғаны анықталды.

Жалпы жұмылдырылған күштер мен құралдар саны 338 жеке құрам және 58 бірлік техника болды. Оның ішінде Ақтөбе облысы ТЖД-дан 34 бірлік өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникасы мен 130 қызметкер, ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының 1 бригадасы, мемлекеттік емес кәсіби өртке қарсы қызметтің 6 бөлімшесі, Полиция департаментінің 70 қызметкері мен 8 техникасы, Ұлттық ұланның №6655 әскери бөлімінен 103 әскери қызметкер және 2 техника, Маржанбұлақ кентінің өрт сөндіру бекетінен 4 қызметкер және 1 техника, сондай-ақ әкімдіктің коммуналдық қызметтерінен 6 су таситын көлік пен 10 жұмысшы тартылды, делінген хабарламада.

Құтқарушылардың үйлесімді іс-әрекетінің арқасында сағат 21:19-да өрт оқшаланды, ал 21:52-де толықтай сөндірілді. Жану аумағы 300 шаршы метрді құрады, зардап шеккендер жоқ.

Аталған өрт фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Алдын ала себеп ретінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы аталды.

Айта кету керек, бұған дейін Ақтөбеде облыс әкімдігі ғимараты отқа оранғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу