Ақтөбе – Алматы рейсінде жолаушы қайтыс болды

345

SCAT әуе компаниясының ұшағында келе жатқан жолаушылардың бірі өзін кенеттен жайсыз сезінген. 

Ақтөбе – Алматы рейсінде жолаушы қайтыс болды Фото: T.me/SCAT_AIRLINES

Ақтөбеден Алматыға бағыт алған DV 712 әуе рейсі кеше түнде шұғыл түрде қайта оралуға мәжбүр болды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Әуе командирі жағдайды бағамдай отырып, бірден Ақтөбе әуежайына қайту туралы шешім қабылдаған. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 22:50-де Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайға қонды.

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, борт қонған соң медициналық қызмет шақырылып, шұғыл көмек көрсетілген. Алайда жолаушыны аман алып қалу мүмкін болмаған.

– Қауіпсіздік талаптарына сәйкес жолаушылардың барлығы ұшақ ішінде қалды. 9 желтоқсан күні сағат 01:36-да рейс Алматы бағытына қайта ұшты, – деп хабарлады әуежай өкілдері.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы жолаушының жедел жәрдем келгенше көз жұмғанын растады. Оқиғаның нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу