Аталған өнімді енгізу көптеген деректі бір жүйеге біріктіруге, жолаушыларды тіркеу мен қызмет көрсету процестерін оңтайландыруға және автоматтандыруға мүмкіндік бермек.
CUPPS жүйесін Алматы халықаралық әуежайының 85 пайыз акцияларына иелік ететін түркиялық TAV Airports холдингінің компаниясы әзірлеген.
Ақтөбе халықаралық әуежайының басқарма төрағасы Дастан Малиевтің сөзінше, CUPPS дегеніміз жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде жолаушылар ағыны туралы маңызды деректерді анықтауға мүмкіндіктер беретін оңтайлы шешім.
Бүгінде Ақтөбе халықаралық әуежайы елдің солтүстік-батысына қызмет көрсететін көлік торабы болып отыр. Әуе айлағының маршруттар картасына қаланы еліміздің және шетелдің басқа қалаларымен байланыстыратын 15 бағыттағы рейстер енген.