Ақтөбе әуежайы жанармай құю техникасымен толықты

147

Оның көлемі – шамамен 28 мың литр.

Ақтөбе әуежайы жанармай құю техникасымен толықты Фото: kmg.kz

"ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС Ақтөбе халықаралық әуежайындағы арнайы техника паркі жаңа заманауи жанармай құю автокөлігімен толықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өңірлердегі әуе айлақтарының инфрақұрылымын жаңғырту Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің әуежайларын заманауи халықаралық авиациялық хабқа айналдыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүргізіліп жатыр.

"Өндіруші компания мамандандырылған автокөлікті Қазақстанның климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы техникалық тапсырма бойынша жасаған. ҚМГ-Аэро сарапшыларының ұсыныстарын негізге алып, енгізілген инженерлік шешімдер ауа температурасы -45 °C дейін аязда да сүзу тораптары мен отын беру жүйелерінің тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеді", – делінген хабарламада.

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ тарапынан барлық қажетті рұқсат беру рәсімдері аяқталғаннан кейін техника рейстерге тұрақты қызмет көрсетіп, әуе кемелеріне жанармай құю үшін қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу