Ақтөбе әуежайына айыппұл салынды

161

Тексеруден соң 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.  

Ақтөбе әуежайына айыппұл салынды Фото: kaztag.kz

Әуежай әкімшілігі бұзушылықты биыл тамыз айына дейін жоюы тиіс, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті өңірдегі энергетика субьектілерінің жұмысын тексерді. Бұл жолы "Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайға" АҚ-дағы электр энергетикасы саласындағы заңнама талаптарының сақталуын назарға алды.

"Тексеру нәтижесінде энергетикалық жабдықтарды пайдалану талаптарына қатысты бұзушылықтар анықталды. Бұзушылықтарды биыл тамыз айына дейін жою жөнінде нұсқама берілді. Тексеру қорытындысы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 300-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", – деп хабарлады Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу