Ақтөбе қаласында жер қатынастары бөлімі бизнеске кедергі жасаған

357

Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе қаласында жер учаскелерін жалға алу мерзімдерінің өтініштерін қараудың негізсіз кешіктіргенін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақтөбе қаласында жер қатынастары бөлімі бизнеске кедергі жасаған Фото: azattyq-ruhy.kz

"Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау барысында қаланың Жер қатынастары бөліміне 2022 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін жергілікті кәсіпкерлерден бұрын берілген жер учаскелерін жалға беруді ұзартуға 30 өтініш түскені анықталды. Қала кәсіпкерлері міндеттері дұрыс орындалған және жер учаскесінің шекаралары өзгермеген жағдайда, учаскелерді жалдау шартын жаңа мерзімге ұзартуға толық құқылы болды", – делінген хабарламада.

Қазір Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімдікке әкімшілік кедергілерді жою бойынша ұсыныстар енгізді. Содан кейін өтініш білдірген кәсіпкерлер үшін жер учаскелерін жалға беруді ұзарту мақұлданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу