Ақтөбе қаласындағы бірнеше көппәтерлі тұрғын үйге жылу қайта беріле бастады

498

Ақтөбе облысының әкімдігі 7 қаңтарда апатты жағдай тууына байланысты пәтерлерде тоқтатылған жылудың қалпына келгенін хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Ақтөбе қаласындағы бірнеше көппәтерлі тұрғын үйге жылу қайта беріле бастады Фото: gov.kz

“7 қаңтарда Ақтөбе қаласында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындап, Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы мен М.Оспанов көшесінде орналасқан бірқатар көппәтерлі тұрғын үйлерде уақытша шектеулер енгізілді. Қабылданған жедел тиісті шаралардан кейін барлық үйлерге жылу лезде толық көлемде берілді”, делінген әкімдік хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде -26 градус аязда 20-дан аса көпқабатты үй жылусыз қалғаны туралы бұған дейін жазған болатынбыз.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу