Аталған жолда 11-шақырымнан 87-шақырымға дейінгі аралықта барлық көлік түрі, соның ішінде жеңіл автомобильдер үшін де ақы алынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Ал 87-шақырымнан 100-шақырымға дейінгі учаскеде және "Қандыағаш – Мақат" жолының қалған бөлігінде ақы тек автобустар мен жүк автомобильдерінен алынады.
Көлік министрлігі ақылы автомобиль жолдарының желісін кеңейтіп, "Қандыағаш – Мақат" ақылы жолының құрамына "Ақтөбе – Қандыағаш" автожолының 11-шақырымынан 100-шақырымына дейінгі қайта жаңғыртылған бөлігі енгізіледі.
"Жол жүру құны жүріп өткен қашықтыққа, көлік құралының санатына, жүк көтергіштігіне және төлем тәсіліне байланысты белгіленеді. Іргелес аудандардың тұрғындарына жеңілдікпен абонементтер қарастырылған. Жергілікті тұрғындардың жеңіл автомобильдеріне арналған жылдық абонемент құны 1 АЕК болады.
Ал жергілікті автобустар мен жүк автомобильдері үшін көлік санатына қарай айлық абонемент құны 1-ден 5 АЕК-ке дейін, жылдық абонемент 12-ден 60 АЕК-ке дейін белгіленеді", – делінген хабарламада.
Жиналған қаражаттың барлығы жол инфрақұрылымын күтіп ұстауға және жөндеуге, сондай-ақ арнайы техника сатып алуға жұмсалады.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығына тиісті өзгерістер енгізілді. Олар алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.