"Ақтөбе – Қандыағаш" тасжолында көлік қозғалысы шектеледі

148

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі мәлім етті.

"Ақтөбе – Қандыағаш" тасжолында көлік қозғалысы шектеледі Фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Автомобиль жолының 87+100 шақырым аралығындағы учаскесінде электронды ақпараттық экран мен бақылау аркасы орнатылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2025 жылғы 26 тамыз күні республикалық маңызы бар "Ақтөбе–Қандыағаш" автомобиль жолының 87+100 шақырым аралығындағы учаскесінде электронды ақпараттық экран мен бақылау аркасын орнату бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

"Соған байланысты 2025 жылғы 26 тамыз сағат 12:00-ден 14:00-ге аталмыш жол учаскесінде Қандыағаш қаласының айналма жолынан бастап елдімекеннің кіреберісіне дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", – делінген компания хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу