Ақтөбе мектептеріне тапсырыс берілген ноутбуктер келмей жатыр

717

Облыстық білім басқармасы мердігерлерді сотқа бермек 

Ақтөбе мектептеріне тапсырыс берілген ноутбуктер келмей жатыр

Ақтөбе облысына 10 қыркүйекке дейін келуге тиіс болған19 мың ноутбук әлі келмей жатыр. Енді оны жеткізетін болып келісімшартқа отырған үш мердігер сот алдында жауап беруі мүмкін.

Биылғы оқу жылында оқушылар қашықтықтан оқитын болғандықтан, облыс мектептеріне 19 мың ноутбук, 2 мыңнан астам компьютерге тапсырыс берілген. 

Осынша техниканы жеткізіп беруді үш мердігер компания мойнына алады. Оқушыларды заманауи құралдармен қамту үшін республикалық бюджеттен 3 млрд теңге, облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлініпті. Бұл сомадан мердігерлерге тапсырыстың 30 пайызы, яғни шамамен 700 млн теңге қаражат төленіп те қойылған. Алайда компьютерлер уәделі мерзімде жеткізіледі де, ноутбуктердің қарасы көрінбей кетеді. 

"Біз ҚР заңнамасына сәйкес мердігерлердің сотқа береміз. Олар тауарларды уақытында жеткізбегені үшін келісімшартта көрсетілгендей айыппұл санкцияларын төлеуге тиіс",– дейді Ақтөбе облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Ақмарал Мыржықбаева. 

Әзірге техниканың кешігу себебі ретінде оны құрастыратын зауыттың жүктемесі аса көп болып, үлгермей жатқаны айтылуда. Ал ақтөбелік шенеуніктер оқушылардың ноутбук жоқтықтан әзірге қиналып жатпағанын, сабақты мессенджер көмегімен оқып жатқанын алға тартуда.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу