Ақтөбе металл емес құбырлар зауыты жұмысшыларына 53 миллион теңге қарыз

1542

Ақтөбе металл емес құбырлар зауыты жұмысшыларына 53 миллион теңге қарыз

Бұл туралы Ақтөбе облысы  әкімінің орынбасары Асқар Биахметовтің қатысуымен өткен кәсіпорынның ұжымдық шартының және өндірістік бағдарламасының орындалуы жөніндегі жиында мәлім болды.

"Ақтөбе металл емес құбырлар зауыты" ЖШС-ның бас директоры Ян Тампаевтың айтуынша, зауыт 2005 жылы желтоқсанда іске қосылған. Қаржылық дағдарысқа дейін зауыт  тоттануға қарсы, жоғары төзімділікке ие құбырларды алыс-жақын шетелдерге экспорттап келген. Бірақ  2008-2009 жылдардан бері кәсіпорынның жұмысы тоқырап, қуаттылығы азайған. Себебі тапсырыс жоқ. Сондықтан зауыт басшылығы 166 жұмысшыны уақытша босатуға мәжбүр болыпты. Кәсіпорында жұмыс орны сақталғанмен өткен жылдың наурызынан бастап жұмысшыларға  жалақы төленбеген. Яғни зауыттың жұмысшылар алдында 53 миллион теңге көлемінде жалақы қарызы бар.

Облыс әкімінің орынбасары  зауыт басшылығы мен жұмысшыларға мәселенің көп ұзамай шешімін табатынын айтты. Бұл ретте өндіріс қуаттылығын жүктеу мүмкіндіктерін іздестіру, қызмет көрсетудің өзіндік құнын төмендетуге байланысты өз ұсынысын білдірді. Жиын соңында еңбек қатынастарын реттеу, қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету үшін облыс әкімдігі, кәсіпорын басшылығы және аймақтық кәсіподақ бірлестігі арасында үш жақты меморандумға қол қойылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу