Ақтөбе несиені кепілдендіру жөнінен алдыңғы орында тұр

982

Ақтөбе несиені кепілдендіру жөнінен алдыңғы орында тұр

Бұл туралы "Ақтөбе ақпарат" орталығында өткен баспасөз маслихатында облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанова мәлімдеді.    

Басқарма басшысы "БЖК 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының жүзеге асырылу үшін "Даму "кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ- мен және екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, белсенді жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

"Ақтөбе облысында тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы саны 60,6 мың бірлікті құрады, оның ішінде белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 50,8 мың бірлік. Ал ШОБ саласында жұмыс жасайтындар саны 130,3 мың бірлік", –  айтып өтті Анар Даржанова.

"БЖК 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында өткен жылы 316 жоба қолдауға ие болды. Оның ішінде:  субсидиялау бойынша –жалпы кредит құны 15,7 млрд теңгеге 157 жоба, кепілдендіру бойынша – кепіл құны 1,2 млрд теңгеге 93 жоба, грант ұсыну бойынша–жалпы құны 24,0 млн теңгеге 12 жоба, микрокредиттеу бойынша – 200,0 млн.теңгеге 54 жоба жүзеге асырылды. Қолдау тапқан жобалардың 163-і аудандардың үлесіне тиесілі. Бағдарламаға қатысу жөнінен көшбасшы аудандар – Хромтау, Мұғалжар, Алға және Шалқар аудандары.

Жалпы 2016 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы субсидиялауға мақұлданған жобалар саны бойынша Республикада өңірлер арасынан 2-орынға, кредиттерді кепілдендіру жөнінен 1-орынға шықты.

"БЖК - 2020" бағдарламасын жүзеге асыруды 2017 жылы жалғастыру үшін 1,3 млрд. теңге қарастырылған.

Бұдан бөлек, Ақтөбе облысының әкімдігі мен "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде ауылдық жерлердегі және жас кәсіпкерлерді микрокредиттеу бойынша өңірлік "Кең Дала-2" және "Жас Старт-2" бағдарламалары жұмыс жасайды. Бұл мақсатта "Даму" қорымен бірлесіп 1,0 млрд.теңге бөлініп отыр.

Сонымен қатар, осы жылы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу