Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

1591

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының директоры болып ҰКП басқармасының шешімімен және өңірлік кеңестің келісімі бойынша Дана Бекбауова тағайындалды, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Облыстық кәсіпкерлер палатаның баспасөз қызметі хабарлағандай, Дана Бақытқызы 1977 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін "Қаржы және несие. Банк ісін ұйымдастыру" мамандығы бойынша бітірген.

2002-2022 жылдары "Актобестекло" ЖШС директор орынбасары, "Ақтөбе қаласындағы жылжымайтын мүлік орталығы" РМК, Ақтөбе қаласындағы "АТФ Банк" АҚ, Ақтөбе қаласындағы "Каспий банкі" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ АФ жұмыс істеді.

2011-2019 жылдар аралығында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ облыстық филиалын басқарды. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін "Рамазан" ЖШС бас директорының орынбасары болып жасаған. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу