Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

634

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметіне Гүлқасима Сүйентаева тағайындалды. Ол бұған дейін облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары тағайындалды Фото: gov.kz

Ақтөбе облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Гүлқасима Рамазанқызы Сүйінтаева облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Гүлқасима Сүйінтаева 1964 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын, Алматы менеджмент университетін тәмамдаған. Мамандығы – экономист, іскерлік әкімшілік магистрі.

Еңбек жолын 1993 жылы Ақтөбе қалалық денсаулық сақтау бөлімінің есепшісі қызметінен бастады. Әр жылдары облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас есепшісі, Медициналық қызметтерге төлем жасау орталығының облыстық бөлімшесінің директоры, ҚР Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінде бухгалтерлік есеп, мемлекеттік сатып алу және инвестициялық бағдарламаларды талдау басқармасының бастығы-бас бухгалтері, Ақтөбе облысы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы бастығының орынбасары, "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" РМК қаржы-экономикалық талдау және бухгалтерлік есеп бөлімінің бастығы - бас бухгалтері, ұйымдастыру-экономикалық жұмыстар бойынша директордың орынбасары болды.

Сонымен бірге ҚР денсаулық сақтау министрлігінің экономика және қаржы департаменті есеп-қисап және қаржыландыру басқармасының бастығы, департамент директоры, "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК ұйымдастыру-экономикалық мәселелері бойынша бас директорының орынбасары, "СК-Фармация" ЖШС қаржылық талдау бөлімінің бастығы, экономика және қаржы департаментінің директоры, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмыстары бөлімінің меңгерушісі (А корпусы), Ақтөбе облысының қаржы басқармасының басшысы болып қызмет атқарды. 2018 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі таңға дейін Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып еңбек етті.

Қызметін адал және нәтижелі атқарғаны үшін "Ерен еңбегі үшін" медалімен, "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі", "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін", "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл", "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл", "Қазақстан полициясына 25 жыл" төсбелгілерімен марапатталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу