"Ақтөбе облысы елдің батысын азық-түлікпен толық қамтамасыз ете алады"

749

Аймақта ауыл шаруашылығы саласы ілгерілей бастады.

"Ақтөбе облысы елдің батысын азық-түлікпен толық қамтамасыз ете алады"

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Мемлекет басшысының Жолдауы аясында өңірді дамыту бойынша жүзеге асырылып жатқан іс-шаралардан хабардар етті. Оның айтуынша, елдің батысын азық-түлікпен толық қамтамасыз етуге Ақтөбе облысының мүмкіншілігі жетерлік.

"Биылғы жыл Ақтөбе облысының бүкіл Батыс Қазақстанды азық-түлікпен қамтамасыз етуіне толық мүмкіншілігі бар екенін көрсетті. Ет-сүт өнімдерімен фермерлеріміз өңір ішін ғана емес, көрші облыстарды да қамти алады. Шаруаларға субсидия беріп, ынталандыру мақсатында көптеген шара жүзеге асып жатыр. Бірден-бір мысал, індет кезінде қымыз бен шұбат өткізудің өзі осы салаға үлкен серпіліс берді. Биыл бұл өнімдерге сұраныс өте жоғары болды. Бізді өндірістік өңір дейді, дегенмен ауыл шаруашылығын дамытуға әлеуетіміз зор. Кей адамдар "совет кезінде ауыл шаруашылығы жоғары болды" деп салыстырып жатады. Осы орайда айта кетсем, қазіргі таңда Ақтөбе облысындағы ірі қара мал саны сол уақыттағы көрсеткіштен асып кетті. Ал жылқы саны 1,5 есе асты. Совет дәуірінде өңірде 100 мыңнан астам жылқы болса, қазір 160 мыңға дейін жеткіздік. Ендігі кезекте қой-ешкі және дәстүрлі емес ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттырамыз", – деді Оңдасын Оразалин.

Еске сала кетсек, ауыл шаруашылығы саласы бүгінгі күні Ақтөбе облысы экономикасының 4,3%-ын құрап отыр. Саланы ілгерілету үшін 19,7 мЛрд теңге субсидия бөлінген.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу