Ақтөбе облысы инвестор тартуда алда келеді

1006

Ақтөбе облысы инвестор тартуда алда келеді

2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айында инвестицияның негізгі капиталы 5,6 трлн теңге болды, деп хабарлайды LS.

Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2016 жылдың балама кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4,4% өскен.

Еліміздің 10 өңірінде инвестициялау көрсеткіші өскен. Соның ішінде Ақтөбе мен ОҚО алда тұр.

Биыл қаңтар-тамыз аралығанда құрылыс салу мен ғимараттарға күрделі жөндеу жүргізу жұмыстарына 3 трлн теңге жұмсалған.

Көлік пен құрылғы алуға 1,8 трлн теңге кетті. Өзге жұмыстарға жұмсалған қаржы 697,3 млрд теңгені құрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу