Ақтөбе облысы өңдеу өнеркәсібі бойынша елімізде алдыңғы орында

3615

Ақтөбе облысы өңдеу өнеркәсібі бойынша елімізде алдыңғы орында

Бұл туралы облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Рузия Айдашева мәлімдеді.

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша облыста  өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 202,7 млрд теңгеге жеткен. Аймақтың  нақты көлем индексі — 115,8 пайыз. Өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 184,8 миллиард  теңгені құрап, республика бойынша үшінші орынға шыққан.  Сондай-ақ былтыр аймақта  50,8 мың шағын және орта бизнес субъектісі қызмет етіпті. Бұл көрсеткіш бойынша Ақтөбе өңірі республикада екінші орынға шыққан. Басқарма басшысының мәліметінше, облыста мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында былтыр 7 жоба бойынша келісімшарттар жасалынған. Ал биыл қосымша 12 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Алдағы уақытта облыстың әр ауданында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында кем дегенде 2-3 жобаны іске асыру көзделген.   

Басқарма басшысының айтуынша, биыл әлеуметтік салаға 111,8 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде білім беру саласына — 67,2 млрд теңге, денсаулық сақтау саласына —  28,6 млрд теңге бөлінген. Яғни бюджеттің 75 пайызы әлеуметтік салаға бағытталып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу