Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы болып Абай Жүсіпов тағайындалды

4063

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына Абай Жүсіпов тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы болып Абай Жүсіпов тағайындалды

Полиция департаментінің жеке құрамына жаңа бастықты ІІМ басшысы таныстырды.

Абай Қуатбайұлы Жүсіпов 1978 жылы дүниеге келген.

Ішкі істер органдарында 2003 жылдан бастап қызмет атқарады. Орта және аға басшы құрамның әртүрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған.

2018-2020 жылдары Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары болған.

2020 жылғы наурыздан бастап ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментін басқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу