Ақтөбе облысында 11 айда 551 жол-көлік оқиғасы тіркелген

816

Нәтижесінде 88 адам қаза тауып, 732 адам жарақат алды. 

Ақтөбе облысында 11 айда 551 жол-көлік оқиғасы тіркелген

Жол-көлік оқиғаларының едәуір бөлігі елдімекендерде (370), республикалық және халықаралық маңызы бар жолдарда (109) орын алады, онда жалпы 55 адам қаза тауып, 162 адам жарақат алған.

Ақтөбе облысының аумағында 2020 жылғы 09-28 қараша аралығында қайғылы оқиғаға әкеп соққан жол-көлік оқиғаларының 15 фактісі анықталып, нәтижесінде 16 адам қаза тапты. 

"Бұл көлік құралдарын жүргізушілердің метеорологиялық және жол жағдайларын ескермейтіндігін, қарсы қозғалыс жолақтарына шығатындығын, қозғалыс қауіпсіздігіне мән берместен басып озу маневрін жасайтындығын көрсетеді", – деп атап өтті  Ақтөбе облысының полиция департаменті  бастығы Атығай Арыстанов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу