Ақтөбе облысында 14 киікті атқан браконьерлер ұсталды

114

Сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды.

Ақтөбе облысында 14 киікті атқан браконьерлер ұсталды Фото: Бейнежазбадан

Ақтөбе облысының Байғанин ауданында Қызыл кітапқа енген киіктерді атып алған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция қызметкерлері Байғанин ауданында күмән тудырған УАЗ автокөлігін байқап, оны тоқтатқан.

"Көлікті тексеру кезінде жүк бөлігінен мотоцикл және 14 киіктің еті табылды. Кейін тексеру барысында автокөлікте отырған Атырау облысының үш тұрғынынан 12 калибрлі аңшы мылтығы, рация, дүрбі және пышақтар тәркіленді. Аталған факті бойынша сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі. 

Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу