Ақтөбе облысында 19 жастағы жігітті найзағай соғып, көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Полицияның хабарлауынша, оның мәйіті 22 маусым күні Мәртөк ауданындағы Ақмоласай ауылы маңындағы далада табылған.
"19 жастағы жігіттің мәйітінің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметке сәйкес, оның өліміне электр тогының әсері, яғни найзағайдың түсуі себеп болған", – деп хабарлады полиция.
Төтенше жағдайлар министрлігі найзағай кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салды. Ауа райы күрт нашарлаған жағдайда ашық жерде жүрмеу, жеке тұрған ағаштардың астына паналамау және қауіпсіз ғимараттарда болу қажеттігі айтылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу