Ақтөбе облысында 1945 жылы салынған вокзал жаңғыртылды

287

Вокзалдың ауданы 208 шаршы метрге дейін ұлғайтылды.

Ақтөбе облысында 1945 жылы салынған вокзал жаңғыртылды Фото: ҚР Көлік министрлігі Telegram

Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

1945 жылы салынған ғимараттың ауданы 112 шаршы метрден 208 шаршы метрге дейін ұлғайтылды.

Жөндеу жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілді.

Жұмыс барысында ғимараттың жақтауы мен шатыры толық жаңартылып, қасбеті фиброцемент тақтайшалармен қапталды. Ішкі инженерлік желілер жаңғыртылып, әрлеу жұмыстары жүргізілді. Вокзалдың айналасы абаттандырылып, ғимарат жаңа жиһаздармен және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Жөндеу кезінде қазақстандық өндірістің құрылыс материалдары пайдаланылды.

Қарауылкелді станциясы арқылы Семей, Маңғыстау, Бейнеу, Атырау, Орал, Ақтөбе, Көкшетау, Бурабай, Қостанай, Шымкент, Түркістан, Тараз және Шу бағыттарын байланыстыратын пойыздар қатынайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу