banner

Ақтөбе облысында 38 елді мекенді су басу қаупі бар

1109

Ақтөбе облысында 38 елді мекенді су басу қаупі бар

Ақтөбе облысында күн жылынса 38 елді мекенді су басып қалуы мүмкін. Қазір ол аумақта 13 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті аптаттың  алдын алу үшін дайындықты қазірден бастапты.  Облыстық әкімдік жанынан арнайы комиссия құрылған. Су тасқыны  бола қалған жағдайда қажетті жабдықтар мен  инертті материлдар дайын тұр. Керек-жарақтың барлығы әзір.

Сонымен қатар  аудандар да және қала ішінде қарды тазарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі күні Ақтөбе қаласының аумағынан  400 мың м3 қар сыртқа шығарылған. Сондай-ақ мамандар Ақтөбе, Қарғалы және Сазды су қоймаларындағы су деңгейін де бақылауда ұстап отыр.  

"Қауіпті жағдай бола қалса тұрғындарды орналастыратын 87 эвакуация пункті дайын. Қазір ауа-райыны бақылап отырмыз. "Казгидрометтің" болжамы бойынша, ақпан айында жауын-шашын мөлшері нормадан аспайды екен", - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлім басшысы Құмар Тұрмағамбетов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу