Ақтөбе облысында 912 жолаушы эвакуацияланды

419

Ауа-райының нашарлауына байланысты 7 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін автожолдардан 912 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Төтенше жағдай министрлігіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында 912 жолаушы эвакуацияланды Фото: inbusiness.kz

Жолаушылардың ішінде 602 шетел азаматы және 31 бала. Өткен тәулікте 193 жолаушы эвакуацияланды.

7-9 ақпан аралығында ауа-райының нашарлауына байланысты 161 адам оның ішінде 17 бала, 7 жүкті әйел, 6 шетел азаматы құтқарылды. Жалпы, адамдарды эвакуациялау және автомобильдерді шығару бойынша авариялық-құтқару жұмыстарына 102 техника, 290 адам тартылды.

Қазіргі таңда облыстың  жылыту пункттерінде 938 адам бар. Жолаушылар азық-түлікпен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, ТЖД және 20982 әскери бөлімінің күшімен азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында жолда тұрып қалған техника орнына волонтерлерді тасымалдау ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу