Ақтөбе облысында Ashyq "көшбасшылары" түнгі он екіге дейін жұмыс істейтін болды

749

Тиісті қаулыға бүгін Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы. 

Ақтөбе облысында Ashyq "көшбасшылары" түнгі он екіге дейін жұмыс істейтін болды

""Ashyq" Көшбасшы" мәртебесі бар нысандарға сағат 00.00-ге дейін, ал "Ashyq" жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандарға 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілсін. Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдыне алу жөніндегі карантин шараларын күшейту туралы" Ақтөбе облысының бас санитариялық дәрігерінің 30 маусымдағы қаулысының қосымшасындағы 12, 14, 15, 19, 23, 24, 25, 27, 30, 31, 32, 33, 34, 37, 38, 39, 40,  41, 45, 46, 47, 51 тармақтарындағы "Ashyq" жобасына қатысатын нысандар "сағат 17.00 дейін" және "сағат 20.00 дейін" деген сөздер "сағат 22.00 дейін" деп өзгертілсін", – делінген қаулыда.

Қаулы бүгіннен бастап күшіне енеді.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу