Жергілікті тұрғындардың айтуынша, су айдынының жағалауында өлі сазандар, шортандар, алабұғалар, тасбалықтар мен шабақтардың көп мөлшері жиналып қалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Арнада қалған балықтар қырылып жатыр. Су деңгейі күн сайын төмендеп келеді. Бұл – басқа көздерден су түспейтін шағын арна. Жақын арада тазарту жұмыстары жүргізіліп, қажетті сынамалар алынады, – деп хабарлады Ырғыз аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі.
Тобыл-Торғай аралық облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының мәліметінше, арнайы пайдаланушыларға бекітілмеген су айдындарының сақталуы мен жағдайына жергілікті атқарушы органдар бақылау жасауға міндетті.