Ақтөбе облысында бес шағын аэродром салынады

220

​Ақтөбе облысында шағын авиацияны дамыту мақсатында бес жаңа аэродром салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбе облысында бес шағын аэродром салынады Фото: ЖИ

Нысандар Шалқар, Мұғалжар, Ырғыз және Байғанин аудандарында бой көтермек. Жоба облысты 2026–2030 жылдарға арналған дамыту жоспарына енгізілген. Жоспарға сәйкес, Шалқарда екі, ал Мұғалжар, Ырғыз және Байғанин аудандарының әрқайсысында бір-бір аэродром салу көзделген.

Сонымен қатар, Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай базасында шағын авиацияға жауапты құрылымдық бөлімше ашылады.

Мұнда ұшқыштар мен әуе көлігіне қызмет көрсететін мамандар шоғырланбақ. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, жоба аясында әуе кемелерін сатып алу да қарастырылған.

Шағын авиацияны дамыту алдымен Шалқар қаласынан басталмақ. Жаңа әуе қатынасы аудандар арасындағы жол уақытын қысқартып, шұғыл медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ бұл бастама ішкі туризм мен кәсіпкерліктің дамуына серпін береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу