Ақтөбе облысында бір мезетте екі ауылдан өрт шықты

573

Ақтөбе облысында екі ауданның 160 га жерін өрт шалды. Арасында орман шаруашылығының жері де бар.  

Ақтөбе облысында бір мезетте екі ауылдан өрт шықты

Қызыл жалын түс ауа Қобда ауданындағы Көкүй ауылы маңынан шыққан. Құрғақ шөп  тұтанып, арты алапат өртке айналып, 40 га далалық алқап және Қобда орман шарушалығына тиесілі 10 га екпелер жанып кетті.

Өрт ошағына 5 техника мен 100 адам жұмылдырылып, толықтай сөндірілді.

Өрт сөндіршілер Қобда ауданыныдағы тілсіз жаумен күресіп жатқанда Мәртөк ауданында да өрт шықты. Родниковка ауылында ашық алаңда құрғақ шөп өртеніп жатқандығы туралы ақпарат түскен. Жалпы аумағы 110 га жерге таралған жалынды түнгі сағат 2-де толық сөндіріп болды. Зардап шеккендер жоқ. 

Зада Зейін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу