Ақтөбе қаласынан Мәртөк ауылына қарай бет алған "Honda Odyssey" көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, "Hyundai Solaris" көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Соққы салдарынан "Honda Odyssey" бағытын өзгертіп, қарсы бағытта келе жатқан ВАЗ-2110 көлігіне соғылған.
Жол апатынан ВАЗ-2110 көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.
Сонымен қатар, "Honda Odyssey" және ВАЗ-2110 көліктерінің 2 жолаушысы зардап шекті.
Оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Ал "Honda Odyssey" көлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу