Ақтөбе облысында биыл өндіріс саласы 100,1%-ға өскен

553

Инвестиция көлемі де жаман емес.

Ақтөбе облысында биыл өндіріс саласы 100,1%-ға өскен

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Мемлекет басшысының Жолдауы аясында өңірді дамыту бойыша жүзеге асырылып жатқан іс-шаралардан хабардар етті.

Оның айтуынша, биыл өндіріс саласында оң динамика байқалып отыр.

"Өндіріс саласындағы қиындықтарға қарамастан, 9 айдың қорытындысы бойынша 100,1% өсім бар. Құрылыс саласы да көңіл көншітеді. Бұл саладағы өсім мөлшері – 116,4%-дан асады. Тұрғын үй құрылысы бойынша да көрсеткіштеріміз жаман емес, өсім 103,6%-ды құрап отыр. Биыл ауа райы да қолайлы болып, ауыл шаруашылығы жақсы көрсеткішке ие болды. Өсім 104,1%-ды көрсетіп отыр. Инвестиция көлемі де жаман емес – 108,8%. Әрине, пандемия кесірінен сауда және көлік тасымалы төмендеп кетті. Бірақ қазір бұл салада да оң динамика байқалады", – деді Оңдасын Оразалин.

Тағы бір айта кетерлік жайт, өңірдегі инфляция деңгейі 104,6% мөлшерінде тұрақтаған.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу