Ақтөбе облысында былтыр бизнестің 1675 жобасы қолдау тапқан

736

Ақтөбе облысында өткен жылы ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісі 324,7 млн.теңгені, нақты көлем индексі – 106,7% құрады.  

Ақтөбе облысында былтыр бизнестің 1675 жобасы қолдау тапқан

Негізгі капиталға 22,4 млрд. теңге инвестиция тартылды. Өсім – 110,4%. Субсидиялауға республикалық және облыстық бюджеттен 19 млрд.теңге бөлінген, соның ішінде 863 млн теңге мал шаруашылығына бөлініпті. Бұл жөнінде облыс әкімінің орынбасары Амангелді Бердалин баяндады.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин субсидия алатын әрбір шаруашылық бойынша нақты талдау жүргізуді тапсырды. Өңір басшысы "Мемлекет ауылшаруашылығын дамытуға қанша қаражат бөлетінін ескерсек, барлық көрсеткіштер бойынша айтарлықтай өсім болуы керек. Біз ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерден бағаны тұрақтандыру, мал басының, ұқсату көлемінің өсіміі түрінде қайтарымды көруіміз керек", - деп атап өтті.

Биыл Ақтөбе қаласында, Хромтау, Мәртөк, Қарғалы аудандарында сүт тауарлы фермалар, ет пен жұмыртқа бағытындағы құс фермаларын, бордақылау алаңдарын, жылыжай, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін экспортқа бағытталған өндірістік кәсіпорындар ашу, өндірістік кооперативтердің тиімділігін арттыру, егістік жерлерді диверсификациялау, үнемі суарылатын жерлерді айналымға енгізу бойынша үлкен жұмыстар жоспарланған.

Облыс әкімінің орынбасары Сәлімгерей Бекбергенов 2020 жылдың қорытындысы бойынша "Бизнестің жол картасы", "Қарапайым заттар экономикасы" және "Еңбек" бағдарламалары аясында бизнестің 1675 жобасы қолдау тапқандарын баяндады. Өңірлер тұрғысынан алғанда, облыс көшбасшылар қатарында. "БЖК" аясында кәсіпкерлік субъектілерінің 1108 жобасы қолдау көрді.

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша 38,9 млрд.теңгеге 122 жоба мақұлданды. Жобалардың дені аграрлық-өнеркәсіп кешен, азық-түлік өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, білім және т.б. үлесінде.

ИИДМБ аясында 1 156 жұмыс орны құрылып, 138,3 млрд. теңгеге 23 жоба жүзеге асырылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу