Ақтөбе облысында дронның сынығы табылды

Ұшқышсыз ұшу аппараты Қарғалы ауданы, Әлімбет ауылы маңында құлаған.  

Ақтөбе облысында дронның сынығы табылды Фото: Бейнежазбадан

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі уәкілетті қызметтер оқиға орнына барғанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Дрон сынығы шамамен 8:30-да анықталған. 

– Қарғалы ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттардың табылуы дерегі бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған нысан елді мекеннен тыс аумақта анықталған. Оқиғаның барлық мән-жайы тексеріледі, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Жаза кеткен жөн, бұл ұшқышсыз ұшу аппаратына қатысты алғашқы дерек емес. Осыған дейін де Батыс Қазақстан облысында 2 мәрте дрон құлағанын жаздық. 

Соның бірінде тұрғындар дрон сынықтарының Қарауылтөбе ауылы маңынан табылғанын айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу